Начать продавать на Satu.kz
Корзина
146 отзывов
100009 г. Караганда ул. Ермекова 114, Караганда, Казахстан
Добавить отзыв

Жарықдиодты таспаны қайда қолдануға болады?

Жарықдиодты таспаны қайда қолдануға болады?

Жарықдиодты таспа - контактіні қамтамасыз ету мақсатында, өткізгіш жіппен біріктірілген бірқатар жарықдиодты шамдары бар икемді оқшаулағыш материал негізі. Төменгі жағында таспаны кез-келген бетке орнатуды жеңілдететін желім қабаты бар. Өнім ораммен сатылады, бірақ таспаны кез-келген ұзындыққа кесуге болады. Икемділік пен желім қабатының арқасында, орнату процессі оңай өтеді.

Жарықдиодты таспа үйіңіздің ішкі және сыртқы көрінісіне керемет қосымша болып, керемет және қызықты атмосфера ұйымдастырады.

 

Декорда жарықдиодты таспаны қолданудың бірнеше шығармашылық идеялары:

 

1. Үйдің ішінде, жарықдиодты таспаны баспалдақ сүенішіне айнала ораңыз немесе жұмсақ, жағымды жарқыл алу үшін сатыны сызып көрсетіңіз. Қозғалыс сенсорларын жоғарғы және төменгі сатыларға орнату арқылы, сіз жарықдиодты таспаны түнгі жарықтандырудың үнемді нұсқасы ретінде пайдалана аласыз.

 

жарықдиодты таспаны

 

2. Жатын бөлмеде, жарықдиодты таспаны төсектің бас жағына немесе оны төсек жақтауына орау арқылы, романтикалық атмосфера ұйымдастырға болады.

 

жарықдиодты таспаны

 

3. Қонақ бөлмесінде, дивандар мен креслоларды жарықтандырып, сондай-ақ, жарықдиодты жарықтандырылған шыны сөрелерді қосу арқылы жайлы атмосфера жасауға болады. Бұл интерьерге жеңілдік сезімі мен өзіне тартымды етеді. Демалуға ыңғайлы орындар мен бірегей дизайн үйде жайлылық сезімін ұйымдастыруға көмектеседі.

 

imege

 

4. Жарықдиодты таспаны драматикалық әсер беру мақсатында, өнер туындылары немесе фотосуреттерді бөлектеу үшін пайдаланыңыз. Теледидардың артқы жарығы қызықты әрі ерекше көрінеді.

 

imege

 

5. Таза ауада, түнгі серуенге дәл келетіндей, жарықдиодты таспаларды ағаш, бұта немесе қоршаулардың айналасына орап, сүйкімді саябақ ұйымдастырып жіберіңіз.

 

imege

 

6. Жарықдиодты таспаны, арнайы іс-шараларға немесе мерекелерге салтанатты әсер беру үшін есік жақтауларын немесе терезелерді орау үшін пайдаланыңыз.

 

imege

 

Жарықдиодты жолақ шамдарының жарқырауы, үйіңізде жүргенде, сізді ертегі әлемінде жүргендей сезімге бөлейді. Тым жарқын да емес, тым басым да емес, жұмсақ жарық, жайлы түн немесе романтикалық кеш үшін тамаша жарық ұйымдастырады.

 

Күтудің не қажеті бар? Дәл қазір сүйкімді жарықдиодты таспамен үйіңізді ертегіге айналдырыңыз!