Ұзартқышты таңдауда неге назар аудару керек?
Ұзартқыш қажетті функционалдылыққа сәйкес келуі және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Ұзартқышты электр плиталары мен тұмшапештер, су жылытқыштармен және басқа да қуатты тұрмыстық құрылғыларымен пайдалануға болмайды. Қосар алдында құрылғының нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
1-ҚАДАМ. Қауіпсіздік бірінші орында!
Ақаулар туындаған кезде ток соғу қаупін азайту қызметін жерлену – электр жабдықтарын жерге қосу (жерге қосу құрылғысы) атқарады.
Ұзартқыш үшін бұл опция, ұзартқыш қосылатын желіде жерге тұйықталу контуры болған жағдайда ғана өзекті болады.
Ылғалдылығы жоғары бөлмелерде – ас үй және жуынатын бөлмеде жерге тұйықталу
жүйесінің болуы аса маңызды.
Сырттай, розетка мен ұзартқыштың жерге тұйықталу жүйесінің қолдағысы металл "мұртшаларының" болуымен оңай ажыратуға болады.
Ұзартқыш қосылатын розеткада жерленуі болса, онда ұзартқышты да жерге тұйықталуы барымен алу керек.
Желілік сүзгіде қажеттілік бар ма?
Желілік сүзгі дегеніміз - дәл сол ұзартқыш, бірақ, құрылғыны шамадан тыс жүктемеден және үй желісін шамадан тыс жүктемеден қорғауға
көзделген белгілі бір элементермен жабдықталған құрылғы. Компьютерлік пен цифрлық техниканы қосу үшін осы құрылғыны қолданған абзал.
Желілік сүзгілерді бір-біріне қосуға болмайды.
Конструкциясына байланысты, желілік сүзгілерде келесі заттар болады:
- Розеткалар
- Варистор
- Қысқа тұйықталудан қорғау
- LC сүзгі
- Корпустың ішінен қызып кетуінен қорғау
- Шамадан тыс жүктемеден қорғау
-
Негізгі қорғаныс деңгейі желідегі кернеуден қорғау үшін варистор орнатылды. Оның автоматты ажыратқышы шамадан тыс жүктемеден қорғауына көзделген.
-
Жоғары жиілікті кедергілерді басу үшін жетілдірілген қорғаныс деңгейі – негізгі жиынтық LC сүзгісімен толықтырылған;
-
Кәсіби қорғаныс деңгейі - жоғарыда аталған элементтерге қоса балқымалы сақтандырғыш (қысқа тұйықталу кезінде желіні ашу үшін) мен термо сақтандырғыш (корпус ішіндегі қызып кетуден қорғау үшін) орнатылған.
Желілік сүзгілер жерге тұйықталуымен жабдықталған розеткалармен ғана қолданылады.
2-ШІ ҚАДАМ. Ұзартқыштың ұзындығы мен розеткалардың санын анықтаңыз.
Бұл қиын емес: ұзартқыштың ұзындығы минималды талапта болу керек, ал розеткалардың саны артығымен болғаны жақсы.
Ұзындық мәселесін шешкен кезде, ұзартқыштың жұмыс күйінде екенін есте ұстаған жөн.
- Ұзартқыш оралып, бұралып тұрмауы және жабық күйде болмағаны жөн - ұзартқышты, осы ережелерді бұза тұрып пайдалану сымдардың қызып кетуіне әкеледі, бұл өз кезегінде, қызып кеткен элементтердің (розеткалар, оқшаулау) еруіне және өртке әкелуі мүмкін;
- Оқшаулауға зақым келтірмеу үшін басқа заттардың үстіне қою керек.
Ұзартқыш неғұрлым ұзын болса, кернеудің жоғалуы соғұрлым көп болады, және сол арқылы өтетін токқа қарсыласу жоғары болады, яғни жүктеме кезінде сымның қызуы жоғары болады.
25 метрден асатын ұзартқыштарды пайдалану және сақтау орауышпен ыңғайлы.
Өндіруші, IEK, барабандағы ұзартқыштар туралы айтады.
3-ШІ ҚАДАМ. Қандай қуатты ұзартқыш қажетті екенін айқындау.
Қосылатын жүктеменің максималды қуаты - ұзартқыштың қосылатын құрылғыларға қуат беру қабілеті. Бұл сипаттама, кабель ішіндегі тоқөткізгіш тылсымының материалы мен қалыңдығына байланысты.
Ұзартқыштарда әдетте, икемді тылсымдары бар мыс қолданылады, сондықтан, тылсымның қимасы ауданына назар аударған жөн. Ол неғұрлым үлкен болса, ұзартқышқа қосуға болатын құрылғылардың жалпы қуаты соғұрлым көп болады және ұзартқыштың қызып кетуі соғұрлым аз болады.
Қуатты, тұтастай алғанда, ұзартқыш қуатынан асатын құрылғыларды ұзартқышқа қосуға болмайды. Шамадан тыс жүктеме кезінде өткізгіштер қызып кетеді, соның салдарынан розетка, кабельдің өзі еріп, өрт шығуы мүмкін.
Қосылып жатқан жүктеменің максималды қуаттылығын қалай білуге болады?
Жоғары сапалы ұзартқышта – оның сымы мен розеткалар қорабы таңбалануы керек, Сонымен қатар, қаптамада өнімнің төлқұжаты болуы керек.
Кабельді таңбалау, өндірушінің стандарттарына байланысты, кем дегенде, тоқөткізгіш талсымдардың саны және олардың қимасының ауданы, оқшаулау материалы, пайдаланудың максималды температурасы және т.б. туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Розеткалар қорабындағы немесе өнімнің қаптамасындағы ақпарат, қосылатын құрылғылардың максималды қуаты және ұзартқышты қосуға болатын желінің кернеуі туралы ақпаратты қамтуы керек (220 / 380 вольт).
Қиманың стандартты мағынасы мен қуаттылықтары:
-
0,75 мм2, қуаттылығы 1380 ВТ - теледидарларға, компьютерлерге, зарядттау құрылғылары, тиісті қуаты бар жарықтандыру құрылғыларына жарамды. Төмен индикаторы бар ұзартқыш сымдарды сатып алудың қажеті жоқ-оларға үстел шамынан қуатты емес құрылғыларды қосуға болады;
-
1 мм2, қуаты 2300 Вт – тұрмыстық техника мен аз қуатты электр құралдары үшін: тостерлер, бұрғылар, любзик және т. б., мысалы, осындай шағын ұзартқыш;
-
1,5 мм2, 3680 Вт қуатты – үйде қауіпсіз пайдалану үшін ең әмбебап нұсқа әртүрлі тұрмыстық техника мен құрылыс құралдарына жарамды, мысалы үш орынды желілік сүзгі;
-
2,5 мм2 және қуаты 5000 Вт - тан асатын - жылытқыштар мен қуатты құрылыс және өнеркәсіптік жабдықтар үшін; бұл жағдайда, құрылғылардың жалпы қуатын жеке есеген жақсы. Стандартты розеткалар 3680 ватт қуатқа сәйкес келетін 16А-ден аспайтын тоқ күшіне есептелгендіктен, мұндай ұзартқыштардың үйдегі қолданысында қажеті жоқ.
Ұзартқыштың мыс талшығының қалыңдығын оның жиналған түрінде тексеру мүмкіндігі болмағандықтан, өндірушілердің таңбалауына сенуден басқа амал жоқ. Сондықтан, келесі себептер туындаса, сатып алудан бас тартқан дұрыс:
-
Ұзартқыштың сыртында таңбалауының жоқ болуы;
-
Кабельдің қалыңдығы 5 мм-ден аз
Кабельдің ұзындығы мен тоқөткізгіш сымның көрсетілген қалыңдығының тең көрсеткіштері бойынша, ауыр салмақты құрылғыны таңдаған дұрыс - айырмашылығы айқын.
Ұзартқыш арқылы қосылатын құрылғылардың қуатын құрылғылардың сыртынан көрген дұрыс – тіпті электр шайнектер сияқты бір класты құрылғыларының қуаты, тұрмыстық техника мен электр құралдарының орташа қуат көрсеткіштерінен айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
4 - ШІ ҚАДАМ. Әр-түрлі жағдайда, қандай сипаттамалар маңызды екенін анықтаңыз.
Кабельді оқшаулау материалы
Ұзартқышты төмен немесе керісінше, жоғары температурада пайдаланғанда ғана өз маңызың ойнайды.
Көбінесе оқшаулау материалы ПВХ-дан орындалады - бұл материал икемді, жазуға төзімді, тоқ өткізбейді. ПВХ кемшілігі - температураның әсерінен қасиеттерін өзгертуінде - суықта қатайып кетіп, тіпті, сынып кетуі мүмкін, ал жоғары температурада, керісінше, жұмсарады. Орташа температурасы бар бөлмелерде, тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолдануға жарамды.
Ауыр жағдайда резеңкеден жасалған оқшаулау қолайлы – таңбалануы КГ. Мұндай материал төмен температураға төзімді, икемділікті сақтайды, бірақ, ұзақ уақытты күн сәулесінің әсерінен қиратылып кетеді.
Қолдану режиміне байланысты тағы бір сипаттама – шаң мен ылғалдан қорғау деңгейі.
Латынның IP әріптерімен белгіленген. Осы әріптермен белгіленген сандық мән неғұрлым үлкен болса, ұзартқыштың ылғалдан (суға батыруға дейін) және шаңнан (шаңнан толық қорғаныс) қорғану дәрежесі соғұрлым жоғары болады.
Үйде пайдалану үшін IP20 қорғаныс деңгейі бар ұзартқыш қолайлы (ылғалдан қорғанысы жоқ),ылғалдылығы жоғары үй – жайларда жұмыс істеу үшін қорғаныс деңгейі кемінде IP44 ұзартқыш.көше опциялары үшін – IP65.
Ұзартқышты таңдағанда тағы не білуіңіз керек?
Розеткаларда перделердің болуы – үйде кішкентай балалар болса, еселі қорғаныс. Өшіру пернесі бар ұзартқышты алу мағынасы, бір басқаннан бірнеше құрылғыны өшіру қажет болғанда, яғни, перне пайдаланылса ғана болады. Егер бұл функция қажет болмаса, пернесі жоқ ұзартқышты таңдаған дұрыс – олар жиі бұзылады.
ӨШІРУ түймесінің болуы ұзартқышты желілік сүзгіге айналдырмайды.
-
Бақшада, құрылыста пайдалану үшін, басқалардан гөрі, айқын көріну үшін, ашық түсті ұзартқыштарды таңдаған дұрыс;
-
Тұрмыстық пайдалануға артықшылықты құйылған жиналмайтын шанышқыларға
берген дұрыс – олар жиналмалы шанышқыларға қарағанда сенімді.
USB қосқыштарының болуы. -
Жоғары сапалы ұзартқыштарда сымның бүгілуінен және тартылуынан қорғанысы
болуы керек - сымның розеткалар блогына және штепсельге бекітілген жерлерде.
Ұзартқышты таңдаудағы бірнеше мысал.
Әрлеу жұмыстарын орындау үшін.
Электр бұрғымен немесе бұрағышпен жұмыс істеу үшін ұзартқыш сым қолайлы.Электр құралын қосу үшін максималды қуат жеткілікті, ашық түс ұзартқышты кез-келген жерде айқын көруге болады. Бір розетка жұмыс істеудің ыңғайлылығына жетерлік - бұл жағдайда, оның көп болуы функционалды емес. 20 метр-лік сымның ұзындығы шебердің, жұмыс аймағында еркін қозғалуына жетерлік. Сонымен қатар, мұндай параметрлер ұзартқыштың, салыстырмалы түрде, аз салмағын қосады. IP44 - тің жерге тұйықталу мен шаңнан қорғау деңгейінің бар болуы, үй ішінде қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз етеді.
Офистағы жұмыс орнына.
Жұмыс орнын жабдықтау үшін ұзартқышты сатып алу оңай: кеңсе жабдықтарының стандартты жиынтығын есептейік. Нені қосу керек? Компьютер (1000 Вт), принтер (1000 Вт), iPhone зарядтағышы (15 Вт), мүмкін жарықдиодты, үстел шамы (10 Вт) – қуаты кемінде 2000-2100 Вт - ты 5 розетка жеткілікті. Жабдықты кернеудің жоғарылауынан қорғау үшін қажетті қуаттылықтағы желілік сүзгі қолайлы - сымның көлденең қимасы кемінде 1 мм2. Жұмыс орнының розеткадан қашықтығына байланысты үш немесе бір жарым метрлік ұзартқышты таңдауға болады.
Бақша учаскесінде дәнекерлеу жұмыстарын орындау.
Қалыңдығы 3 мм электродты қолданған кезде тоқ күші 10-15 А немесе 2300 – 3450 Вт болады. (есептеу жеке болуы керек!) Бұл жағдайда, жерге тұйықталған орауыштағы ұзартқыш сым, өткізгіш сымның қимасы 2,5 мм2, оқшаулау түрі – КГ (икемді кабель) және IP44 ылғал мен шаңнан қорғау деңгейі қолайлы. Бұл вариант пайдалыныста тиімді әрі сақталуы ыңғайлы. Қауіпсіздікті арттыру үшін ұзартқыш максималды қосылатын жүктемеден асып кетуден қорғау үшін жылу релесімен жабдықталған.