Бөлменің жарықтандырылуын есептеу
Бөлменің не үшін арналғанына байланысты оның жарықтандырылуына қойылатын талаптар әртүрлі болып келеді.
Сондықтан да, компьютер, құжаттармен, мектеп сыныбында немесе кітапханада ұзақ уақыт жұмыс істеу процессі, жатын мен қонақ бөлмесі жарығына қарағанда, көп жарықты қажет етеді.
Ірі өнеркәсіптік немесе қоғамдық нысандар үшін жарықтандыру жүйесін есептеу қарапайым міндет емес, оны сауатты шешу үшін күрделі есептеулер жүргізілуі немесе арнайы бағдарламалық жасақтама қолданылуы керек. Бірақ пәтердегі бөлмені немесе шағын қойманы жарықтандыру үшін қанша және қандай шамдар қажет болатынын есептеу салыстырмалы түрде қарапайым болып келеді.
Физиканы сөз етейік.
Мектептегі физика курсындағы негізгі ұғымдарды еске түсірейік.
Жарық ағыны - бұл шам шығаратын көрінетін жарық мөлшері. Люмендермен өлшенеді. Шамның қуатымен байланысты, бірақ тікелей емес. Дәл өлшемін арнайы құрылғылардың көмегімен өлшеуге болады.
Шамның жарық ағыны әдетте қаптамада (немесе шамның өзінде) көрсетіледі.
Тек ақ жарық көздері үшін көрсетілген. Өйткені, жарықдиодты жолақтар сияқты түрлі-түсті шамдар үшін оның нақты өлшемін алу мүмкін емес. Параметрдің шамалап алынған мәндерін кестеден көруге болады.
Қыздыру шамы Вт |
Жарықдиодты шам, Вт |
Люминисцентті шам, Вт |
Шамның жарық ағыны (шамалап алынған мағынасы)
|
40 |
4-5 |
10-13 |
400 |
60 |
8-10 |
15-16 |
700 |
75 |
10-12 |
18-20 |
900 |
100 |
12-15 |
25-30 |
1200 |
150 |
18-20 |
40-50 |
1800 |
200 |
25-30 |
60-80 |
2500 |
Жарықтандыру - бұл аудан бірлігіне келетін жарық мөлшері (жарық ағыны). Люкспен өлшенеді. Бөлменің қаншалықты жарық екендігі туралы сөз еткен жағдайда, жарықтандыруды айтылғаны.
Үй-жайларды жарықтандыру құқықтық актілермен регламенттелген, оның ішінде құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ), санитарлық ережелер мен нормалары (СанПиН) және халықаралық гигиеналық ережелермен (МГСН) реттелетін нормаларға сәйкес келуі тиіс.
СНиП нормаларына сәйкес бөлмедегі жарықтандыру деңгейі оның түріне байланысты болу керек.
Бөлме |
Жарықтандыру, лк |
Кабинет |
250-300 |
Ас бөлмесі |
250 |
Ванна бөлмесі |
200-250 |
Балалар жатын бөлмесі |
200-250 |
Қонақ пен асхана бөлмелері |
150 |
Жатын бөлмесі |
120 |
Сабақ бөлмесі мен кітапхана |
300 |
Спорт залы |
400 |
Қоғамдық тамақтану пункті |
200 |
Кеңсе бөлмелері |
300-500 |
Қосалқы бөлме, жертөле, шатыр |
60 |
Кіреберіс, дәліздер |
60 |
Жуынатын бөлмесі |
50 |
Жарықтандыруды қалай есептеу керек?
Тамаша жарықтандыруды ұйымдастырылуына әсер ететін бөлме параметрлері өте көп: бөлменің өлшемдері мен пішіні, табиғи жарық деңгейі, жарық көздерінің саны мен орналасуы, беттердің шағылысу көрсеткіштері, диффузорлар, рефлекторлар және т.б.
Бөлмені жарықтандыру үшін жарық ағынының белгілі бір сипаттамасы бар қанша шам қажет екенін анықтау үшін қолмен санаудың қарапайым әдістері бар.
-
Жеңілдетілген мысалы
Жарықтандыруды есептеу нұсқаларын, жатын бөлмесі - өлшемі 4 х 5 метр, төбенің биіктігі 2,7 метр, қуаты 12 Вт жарықдиодты шамдар (шамның жарық ағынының шамамен алғандағы мәні 1200 Лм) мысалында қарастырайық.
1) жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, (немесе тікелей Санпинге 2.21/2.1.1/1278-03 "тұрғын және қоғамдық ғимараттарды табиғи, жасанды және бірлескен жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар" немесе СП 52.13330.2011 "табиғи және жасанды жарықтандыру") біз қажетті бөлмеге арналған нормативтік жарықтандырудың мағынасын іздейміз.
Біздің мысал үшін – жатын бөлме – 120 лк мәнін алайық.
2) бөлме үшін қажетті жалпы жарық ағынын (F(лм)) формула бойынша есептеңіз:
Е (лк) - үй-жай үшін нормативтік жарықтандыру;
S (шаршы метр) - бөлменің ауданы;
h - төбелер биіктігін ескеретін коэффициенті.
Төбе биіктігі (немесе жұмыс орнына дейінгі ара-қашықтық) |
h коэффицентінің мағынасы |
2,7 м-ден кем |
1,2 |
2,7-3,0 м |
1,5 |
3,0-3,5 м |
1,6 |
3,5-4,0 |
2,0 |
Біздің мысал үшін
3) Керекті шам санын есептейміз:
Біздің мысал үшін
Бұл әдіс жеңілдетілгені мен көптеген факторларды ескерілмегенінен, шамалы маржамен жарықтандыру есептеулерін жүргізген дұрыс, сонымен қатар, келесі тармақтарды ескерген жөн:
1. Бөлмеде жағымды атмосфера ұйымдастыру үшін үстелдер мен басқа да беттерінде де жарық шағылысатынын ескерген жөн.
2. Интерьерде қара реңктер басым болса, онда жарық ағынын аздап көбейту ұсынылады, өйткені қара түсті беттер жарық беттерге қарағанда, жарықты көбірек сіңіреді.
3. Әр-түрлі өндірушілердің шамдары әр түрлі жарық ағыны, жарықтың жарықтығы мен қарқындылығында, сондай-ақ, шамдар дизайндары да, әр түрлі болу мүмкіндігін ескерген маңызды.
4. Керекті жарықтандыруға қол жеткізу үшін торшер, бра сияқты нүктелік жарық көздерін пайдалану ұсынылады. Негізгі жарықтандыру жарықты бүкіл аумаққа біркелкі тарата алмайды.
5. Жарықтандыру құрылғыларын дұрыс таңдау үшін барлық шамдарда шамды пайдалану уақытының ұзақтығымен көрінетін жарық шығыны бар екенін есте ұстаған жөн. Жарық ағынының ең үлкен шығыны разрядты шамдарда тіркеледі, ал жарықдиодты шамдар 15% - ға дейін шығынға ұшырайтын қыздыру шамдарынан айырмашылығы, ол ең аз шығынға ие (5% - дан аз.)
Ішінара тізімделген параметрлер келесі есептеу нұсқасында ескеріледі.
2. Екінші әдіс, көптеген параметрлерді ескеретіндіктен, сәл күрделі әрі дәлірек болып келеді.
1) бөлме үшін қажетті жалпы жарық ағынын (F(LM)) формула бойынша есептеңіз:
Е (лк) - үй-жай үшін нормативтік жарықтандыру;
S (ш.м.) - бөлменің ауданы;
ŋ - жұмыс бетіне жететін жарық ағынының үлесін "анықтайтын" коэффициент.
А) оңайлатылған есептеу үшін жұмыс бетіне жарық көзінен жарық ағынының жартысы жетеді деп болжай отырып, = 0,5 мәнін қолдануға болады.
Біздің мысалымыз үшін:
Осылайша, біз 20 шаршы метрлік жатын бөлмені жарықтандыру үшін 12 Вт жарықдиодты шамдар қажет екенін анықтадық, ол шамдардын саны:
Б) Бөлме есебін дәлірек, "жеке" ету үшін бөлменің беткі қабаты мен шам арасындағы қашықтық, шамның түрі (төбе, аспалы), бөлменің түс сияқты сипаттамаларын ескеру қажет.
Біздің мысал үшін нақтырақ айтсақ: өлшемі 4 х 5 метр, төбенің биіктігі 2,7 метр жатын бөлмені жарықтандыру үшін төбелік шамдар қажет. Жатын бөлме жарық делік – төбесі де, едені де, қабырғалары да.
Барлық аталған параметрлер η коэффициенттің мәніне әсер етеді.
Оның мәнін кестеден алуға болады:
i- бөлме индексі
S - ш.м өлшеміндегі бөлменің ауданы,
a және b - бөлменің ұзындығы мен ені,
h - жарықтандыруды есептейтін шам мен бет арасындағы қашықтық.
Біздің мысал үшін:
ρ - төбенің, қабырғалардың және еденнің шағылысу мәндері. Беті неғұрлым жеңіл болса, шағылысу коэффициентінің мәні 100% - ға жақын болады.
Р мәндерін көзбен шамалап бағалауға болады:
ақ беті - 80%
Жарық - 50%
сұр - 30%
қою сұр - 20%
қараңғы - 10%
қара - 5%
Стандартты "үштікті" алуға болады:
Жарық бөлме: 70%, 50%, 30%
Стандартты бөлме: 50%, 30%, 10%
Қараңғы бөлме: 30%, 10%, 10%
Біздің мысал үшін:
ρп = 70%
ρс = 50%
ρп = 30%
Кестеге сәйкес біз коэффициенттің ең жақын мәнін табамыз η=38%.
Бұл жағдайда, біздің мысал үшін:
20 шаршы метрлік жатын бөлмені жарықтандыру үшін 12 Вт жарықдиодты шам қажет.
Салыстыру үшін, қараңғы бөлмені алсақ, ол үшін n=11%, FLM 21818 Лм болады, ал шамдар саны сәйкесінше 18 құрайды.
Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін біздің сайтта бөлменің қажетті жарықтандыруын оның өлшемдеріне сәйкес есептейтін жарықтандыру калькуляторы бар.
Біздің дүкенде сіз әртүрлі сипаттамалары мен өлшемдердегі, колба пішінді және жарық ағынының мөлшері бар қажетті шамдарын таңдай аласыз.
Таңдалған жарықтандыру схемасы сіздің кеңістігіңіз үшін жеткілікті болатынына сенімді емессіз бе?
Бутик, кеңсе немесе дүкеннің санитарлық жарықтандыру ережелеріне сәйкес келуін қалайсыз ба?
Біз жарықтандыруды есептеуге көмектесіп жібереміз, хабарласыңыздар.